Өзбекстанның Самарқан облысында Бас прокуратура кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен сегіз адамды ұстады. Ұсталғандардың арасында Қошрабат ауданы прокуратурасының бұрынғы іс жүргізушісі де бар, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
2024 жылғы 23 қыркүйекте 8-сынып оқушысын ұрлап кеткен. Оның туыстары жоғалғаны туралы хабарлаған. Қызды 14 күннен кейін тапты. Дене жарақаттары мен зорлық-зомбылық іздері анықталған.
Зардап шегушінің айтуынша, оны ұрып-соққан, алкоголь мен есірткі қолдануға мәжбүрлеген, сондай-ақ зорлаған.
Қылмысқа кемінде тоғыз адамның қатысқаны белгілі. Тергеу жалғасуда.