Оқу-ағарту министрлігі “жын шығарғыштарға” қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.
Мұндай оқиғаға мүлде жол беруге болмайды. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл жағдайды өз бақылауына алды. Қазіргі уақытта балаға оқиғаның салдарын барынша азайту мақсатында кәсіби психологиялық көмек көрсетілуде, – дейді министрлік.
Атырау облыстық өңірлік уәкіл бұл іске қатысты жұмыс істеуде.
Баланың денсаулығы мен әл-ауқатына қауіп төндіретін кез келген мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін атап өту маңызды. Министрлік Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін заңдар мен нормаларды сақтау қажеттігін еске салады, – деп ескертті ведомство.