Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

9 жастағы Дәулен Тоқаевтың қолынан алғыс хат алды (ВИДЕО)

30 мамыр 2024 508

Тоқаев 9 жасар Дәуленге өз атынан алғыс хат берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Алғыс хатты Алматы қаласының әкімі табыстады. 

Дәулен әлеуметтік желіде су басқан өңірлердің суретін көріп, көмектескісі келген. 

Солай 3-сынып оқушысы олимпиадаларға қатысып жинаған қаражатын су тасқынынан зардап шеккендерге аударған. 

Президент Дәуленнің игі ісін жоғары бағалап, оны нағыз отансүйгіштіктің үлгісі деп атады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?