Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

850 талапкер қор есебінен университетте тегін оқи алады

17:43, 05 тамыз 2024 529
Биыл «Қазақстан халқына» қоры 850 талапкерге грант бөлетін болды, деп хабарлайды Alash.KZ. 

Қор 2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім гранты бағдарламасын іске асыруды жалғастырып жатыр.

Биыл әлеуметтік осал топтағы тағы 850 талапкер жоғары білім алуға қол жеткізе алады. 2022 жылдан бері аталған бағдарлама арқылы 2,6 мыңнан аса студент жоғары оқу орындарында тегін білім алып жатыр.

Қор 2023-2024 жылдары оқуға және шәкіртақыға 2,6 млрд теңге бөлдін. Білім грантына:

  • Күндізгі оқу бөлімінде «бакалавр» дәрежесін алуға 1 млн теңгеден аспайтын мөлшерде тегін төлем қарастырылған;
  • Жазғы демалысты қоспағанда, тамақтандыру, тұру және оқу материалдарын сатып алу шығындарын ішінара жабу үшін 10 айға 40 мың теңге ай сайынғы стипендия қарастырылған.

2022 жылдан бастап бағдарламаға 93 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (ЖБО) қатысуда.

Өтініш берушілерді таңдау критерийі төмендегідей:

  1. Ауылдық жердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан;
  2. Жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
  3. Мүгедектігі бар;
  4. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан;
  5. 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған Қазақстан азаматтарының балалары;
  6. 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде жараланған балалар. 

Үміткерлердің жасы 29 жастан аспауы керек. Білім беру гранты жеке болып саналады. Ол басқа адамға берілмейді және аккредиттелген университеттерде күндізгі бөлімде оқу үшін бір рет беріледі.

Мемлекеттік білім грантына ие болған талапкерлер «Қазақстан халқына» қорының грантына құжат тапсыра алмайды. Грантты екінші дәрежелі немесе онлайн білім алу үшін пайдалануға болмайды.

Білім беру грантын беру өз қалауы және үлгермеуі бойынша оқудан шығарылған жағдайда, сондай-ақ студент екінші жылға қалғанда, дұрыс емес немесе дәйексіз құжаттар ұсынған жағдайда тоқтатылады.

Критерийлерге сай болсаңыз және өтініш бергіңіз келсе, университеттердің қабылдау комиссиясына хабарласыңыз. Өтінімдер 17 тамызға дейін қабылданады.

Бұған дейін білім гранты иегерлерінің тізімі шыққан еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар