Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

800 млн теңгеге көшелерді орташа жөндемек болған

14:20, 20 мамыр 2024 269

Абай облысындағы Үржар ауданының прокуратурасы 800 миллион теңгеден аса сомаға конкурстың күшін жойды, - деп хабарлайды Alash.kz.

Аудан прокуратурасы Үржар, Мақаншы және Қабанбай ауылдарының көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 803 миллион теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурстарының күшін жойған.

"Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік сатып алуды тиісті ведомстволық сараптамасыз өткізбек болған ("Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы заңының 21-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес). Қазір жергілікті атқарушы орган заң талаптарына сәйкес конкурстық құжаттаманы өткізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?