Атырау облысы Құлсары қаласында 8 жасар қызды зорлап, суға тұншықтырып өлтірген ер адам өмір бойына сотталды, деп хабарлайды Alash.kz.
8 жастағы бүлдіршін Құрсай өзенінің маңында ойнап жүріп, үйіне қайтар жолда адасып кеткен. Үйін таппай қалған қызға мас күйдегі ер адам тап болған. Ол қызды жол көрсетемін деп алдап, өзен жағасына ертіп барған. Сол жерде баланы зорлап, қылмысын жасыру мақсатында ұрып-соғып, өзенге батырып жіберген.
Сотта айыпталушының кінәсі толық дәлелденіп, 35 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды.