Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Істі соңына дейін жеткіземіз»: Марқұм Нұрайдың ағасы үкім туралы пікір білдірді (ВИДЕО)

18:45, 13 тамыз 2026

Марқұм Нұрайдың ағасы Сұлтан Серікбай іс бойынша шыққан сот үкіміне қатысты пікір білдіріп, тағайындалған жазамен толықтай келісетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол сот процесінің аяқталуына байланысты:

«Дәлелдің бәрін бердік. Бұл біздің 8 айлық еңбегіміздің нәтижесі. Сотталғанның адвокаттары апелляциялық шағым түсіреді. Ал біз бұл істі соңына дейін жеткіземіз», – деп атап өтті.

Өз кезегінде адвокат Аянхан Омаров та Шерхан Аймаханның қорғаушылары тарапынан апелляциялық шағым түсірілетінін растап, алдағы апелляциялық сотты күтетінін жеткізді. Сондай-ақ қорғаушы судья шығарған өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімге көңілі толықтай толатынын білдірді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар