Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бірі өз жолымен кетеді… Өткенге өкпелемей, кеткенге ренжімей…»: Жазира Байырбекованың жазбасы көпті алаңдатып қойды

23:10, 12 тамыз 2026

Әнші Жазира Байырбекова желідегі парақшасында көпшілікке ой саларлық жазба жариялады, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі өмірдің мәні туралы сөз қозғап, ешкімге өкпе-реніш сақтамай, әр күннің қадірін білу керек екенін жеткізді.

«Өмірдің қысқа екенін уақыт өте келе түсінеді екенсің… Өміріңе келген әр адам - бір қуаныш, бір мүмкіндік, бір сабақ. Бірі өміріңде ұзақ қалады, бірі өз жолымен кетеді. Бірақ әрқайсысы жүрегіңде бір із қалдырып, сені бүгінгі өзіңе айналдырады.

Сондықтан өткенге өкпелемей, кеткенге ренжімей, келгенге алғыс айтып өмір сүрген қандай әдемі. Осы қысқа ғұмырда ешкімнің ала жібін аттамай, адал еңбегімізбен нәпақамызды тауып, айналамызға жылу сыйлап, елге пайдамыз тиіп жүрсе - одан асқан бақыт жоқ шығар.

Өмірді тым күрделендірмей, әр күннің қадірін біліп, жақсы адамдарды бағалап, жүрекке жақсылық жинап өмір сүрейік. Бәлкім, өмірдің мәні - көп нәрсеге ие болуда емес, бар нәрсеңе шүкір етіп, өзіңнен кейін жақсы із қалдыруда шығар», – деп жазды Жазира Байырбекова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар