Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Павлодар – біздікі. Алматы – ауыл»: Желіде қазақ халқын қорлаған шетел азаматы елден қуылды (ВИДЕО)

09:57, 13 тамыз 2026

Қазақстан мен қалалар туралы әдепсіз сөздер айтып, арандатушы пікір білдірген ресейлік Twitch-стример Ксения Гузаева (Fasoollka) ел аумағынан депортацияланды, деп хабарлайды Alash.kz.

Fasoollka деген лақап атпен танымал ресейлік стример Қазақстанға келгеннен кейін тікелей эфирлер жүргізіп, елдің намысына тиетін бірқатар мәлімдемелер жасаған. Ол өз эфирінде Павлодар қаласын Қазақстанға тиесілі емес деп есептейтінін айтып, «Павлодар – біздікі, оның атауы біздікі сияқты естіледі, олай болса неге Павлостан емес» деген сөздер айтқан. Сондай-ақ Алматыны «ауыл» деп атап, мұнда бір Starbucks-тан артық кофейня бар ма деп сұрақ қойған.

Бұдан бөлек, блогер қала орталығынан киіз үйлер мен «вигвамдарды», атқа мінген адамдарды және бұқаның көзі мен жылқының жыныс мүшесі сияқты ұлттық тағамдарды көремін деп ойлағанын жеткізген. Шетелдік азаматша Қазақстанды өзге де мұсылман елдерімен салыстырып, ұлттың IQ деңгейіне шүйліккен. Оған қоса, миығынан күліп, халықтың намысына тиген.

Бұл бейнежазбалар әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қоғамда үлкен нараздық тудырған соң Гузаева кешірім сұрап, тек «сәтсіз әзілдегенін» айтып ақталмақ болды. Алайда сот шешімімен оған айыппұл салынып, полиция қызметкерлері оны ұшаққа дейін шығарып салды. Енді оған алдағы 5 жыл бойы Қазақстанға кіруге ресми түрде тыйым салынды.

Іс материалдарына сәйкес, бұған дейін сот шетелдік азаматтың әлеуметтік желілердегі заңсыз әрекеттерін қарап, тиісті шешім қабылдаған болатын. Құқық қорғау органдары ел аумағында жүрген кез келген азамат үшін заң талаптарын сақтау және Қазақстанға құрметпен қарау басты міндет болып табылатынын ескертеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар