Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тарихи нәтиже: Құрманбек Ақжол екі алтын медаль жеңіп алып, Азия рекордын жаңартты

20:00, 12 тамыз 2026

Қазақстандық ауыр атлет Құрманбек Ақжол екі алтын медаль жеңіп алып, Азия рекордын жаңартты, деп жазады Alash.kz.

Отандық спортшылар Өзбекстандағы ауыр атлетика додасында жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастырып келеді. Бұл жолы ерлер дивизионы өзін ең жоғары деңгейде көрсетті. 

ҚР Ауыр атлетика федерациясының мәліметінше, Құрманбек Ақжол ерекше көзге түсіп, қос сайыс қорытындысы бойынша тарихи Азия рекордын орнатты және екі алтын медаль жеңіп алды.

— 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы Азия құрлығы елдерінің мықты қарсыластарын, оның ішінде өткен жылдардағы әлем чемпиондарын сенімді түрде артта қалдырды.

Акжол салмағы 198 келі зілтемірді көтерді — бұл оның өз салмағынан 2,5 есе артық. Осы көтерілісімен спортшы Азияның мықты атлеттері арасындағы алтын медальдар үшін тартысқа сенімді нүкте қойып, өз есімін әлемдік ауыр атлетика тарихына мәңгілікке жазды! — делінген хабарламада.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар