Бәлгілі эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас пен танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова кенжелерінің тұсау кесер тойын өткізді, деп жазады Alash.kz.
Бір жасқа толған Рәбия-Сұлтанның құрметіне Алматы қаласындағы алдыңғы қатарлы орындардың бірінде, ашық аспан астында мереке ұйымдастырылды.
«Тұсау кесу рәсімі
Тоқ ішек — тоқшылықтың, молшылықтың нышаны. Халқымыз «тоқ болсын» деп тілеген. Бұл — береке мен тыныш өмірдің белгісі.
Жасыл шөп — өмірдің өзі. Өсім, жаңару, үміт... Әр көктем сайын тіршілік қайта түлейді.
Ала жіп — адалдықтың белгісі.
Дәстүр бойынша қызымызды жалаң аяқ жерге тұрғыздық. Табанымен көкті басып, жер қуатын алып, жылуын сезіп, тіршілікті жалғасын. Әр қадамың жер анаға аманат! Бұл – сенің тағдырыңның бастауы», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Бүлдіршіннің тұсауын танымал тележүргізуші Динара Сәтжан кесті.