Белгілі заңгер Мейірман Шекеев өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, басына түскен жағдайға байланысты өз пікірін білдірді.
Заңгер өз хабарламасында: «Маған алаңдап, жан-жақтан жағдайымды сұрап жатқан жандардың барлығына басым жерге тигенше рақметімді айтамын! Ерім дейтін елім барда, ештеңеден тайсалмаймын!!! Ел басында да жүрегі қазақ деп соғатын ерлер табылатын шығар деп ойлаймын!», – деп жазды.
Қазіргі таңда заңгерге қатысты істің қандай бап бойынша қозғалғаны және оның нақты мән-жайы туралы толық мәліметтер әлі жарияланған жоқ.