Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлт тағдырын айқындайтын тарихи шешімдер қабылданды

17:00, 12 тамыз 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, қазір Қазақстан жан-жақты жаңғыру жолына түсіп, елімізде түбегейлі өзгерістер жасалып жатқанына назар аударды, деп жазады Alash.kz.

Президент алдағы Құрылтай сайлауына тоқталып, ұлт тағдырын айқындайтын тарихи шешімдер қабылданғанын атап өтті.

– Ұлт тағдырын айқындайтын тарихи шешімдер қабылданды. Біз біртұтас қоғам болып жалпыұлттық референдум өткіздік, жаңа Конституциямызды қабылдадық. Азаматтарымыз жаңа Ата заңды бірауыздан қолдап, дауыс берді. Қазақта «Береке бастауы – бірлік» деген жақсы сөз бар. Біз ырысты ынтымағымызды сақтай білсек, еліміз де өсіп-өркендей береді. Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді. Бұл ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ. Қазір науқан белсенді өтіп жатыр. Партиялар саяси мәдениеттің озық үлгісін көрсетуде. Алдымызда өте жауапты кезең тұр. Ұлт болып ұйысып, бір ел болып жұмыла еңбек етеміз деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар