Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жүрегімдесің… Жаңалығыммен бөліскім келеді»: Наркенже Серікбаева ел естімеген қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

23:00, 12 тамыз 2026

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева өнерсүйер қауымға қуанышты жаңалығын жеткізді, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі «Жүрегімдесің» атты жаңа әні жарыққа шығатынын мәлімдеді. 

Әнші жаңа туындының жарыққа шығуына атсалысқан шығармашылық топқа алғысын білдіріп, еңбектеріне ризашылығын жеткізді.

«Қандай жаңалығым болса да, бірінші сіздермен бөліскім келеді. Менің сырласым да, мұңдасым да – сіздерсіздер! Өнердегі әр қадамыма тілекші болып, іздеп, шынайы жанкүйер болып отыратын жанашыр жақсыларыма, жүрекпен сүйетін, талғамы биік тыңдармандарыма «Жүрегімдесің» атты жаңа туындыны ұсынамын.

Бұл әннің авторларын сіздер жақсы білесіздер, танисыздар. Әнін жазған – Сырдың сыршыл сазгер сұлуы, менің танылуыма себепкер болған, «паспортым» болған «Жүрегімде жүрсің сен» әнінің авторы – Индира Елубаева әпкем. Сөзін жазған – ақын Құралай Омар қыздарыңыз.

Осындай сұлу әнді маған сыйлағандарыңызға рақмет! Шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін! Осы бейнебаянның жарыққа шығуына атсалысқан барша командаға, қыз-жігіттерге алғысымды білдіремін!

Патша көңілді көрермендерім, сіздер менің жүрегімдесіздер», – деп жазды Наркенже Серікбаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар