Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қорлап, жала жапты!»: Бағдагүл сынықшыға қатысты сот шешімі белгілі болды

16:39, 13 тамыз 2026

Продюсер Баян Алагөзова мен журналист Динара Сәтжанға қатысты «жала жабу» бабы бойынша айыпталған Бағдагүл Лепесова кінәлі деп танылып, оған 1 миллион 557 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Alash.kz.

Сот процесінде жәбірленуші ретінде сөз алған Баян Алагөзова тараған бейнежазбаның өзіне моральдық жағынан өте ауыр тигенін жеткізді. Оның айтуынша, даулы видеода өзін есірткіге тәуелді, мемлекет қаржысын иемденіп, өз қажеттілігіне жұмсайды деген сияқты ауыр айыптаулар айтылған.

Осыған байланысты Баян Алагөзова: «Мені қорлады, кемсітті. Мұның бәрін тыңдап отыруға лайықты емеспін. Барлық порталдан көрдім. Осы себепті тіпті Tik-Tok парақшамды өшіріп тастадым. Тұлға, адам ретінде еңсеңді езіп жібереді. Есірткіге құмар, мемлекеттен ақша алып, жігіттерді жалдайды, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсайды деп айтқан. Көп қорлап, жала жапты. Мен әділ шешім шығарып, Лепесованы жазалауды сұраймын», — деп соттан әділдік талап етті.

Ал сот залында сотталушы Лепесова бұл видеоконтентке өзінің еш қатысы жоғын айтып ақталуға тырысты. Оның қорғаушысы да аталған бейнежазбаны айыпталушының өзі түсірмегенін және жәбірленуші тарапқа қатысты мұндай сөздерді айтпағанын алға тартты.

Әлеуметтік желіде сынықшы әрі емші ретінде танылған Бағдагүл Лепесованың тікелей эфирдегі мәлімдемелері соңғы уақытта жиі дау тудырып жүрген. Нақтырақ айтқанда, соңғы жанжал тележүргізуші Динара Сәтжанға қатысты айтылған сөздерден кейін өршіп кеткен болатын.

Осы оқиғадан соң Динара Сәтжан емшінің кәсібі мен табатын табысына қатысты күмән келтіріп, тиісті сұрақтар қойған. Журналист «ақылы бата беруден» түскен қаржының қайда кететінін, емшінің салық төлеу-төлемеуін, сондай-ақ оның адам емдеуге беретін арнайы лицензиясының бар-жоғын тексеруді талап еткен еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар