Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бесінші алтын медаль!». Қуанышты хабар: Ауыр атлет Аянат Жұмағали Азия чемпионы атанды

15:17, 13 тамыз 2026

Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Аянат Жұмағали алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жасөспірімдер арасында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз қарсыластарынан озық шығып, чемпион атанды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша жалпы 237 келіні еңсерді (жұлқа көтеруде 104 келі, серпе көтеруде 133 келі).

Бұл салмақта күміс жүлде 224 (101+123) келі нәтижесімен Өзбекстан өкілі Дильнура Холдороваға бұйырса, үздік үштікті 223 (100+123) келіні бағындырған тағы бір өзбекстандық спортшы Дильноза Файзуллаева түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін аталған құрлықтық біріншілікте жасөспірімдер арасында Снежана Кашкарова (57 келіге дейін), Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін) және Ақжол Құрманбек (85 келіге дейін) Азия чемпионы атанса, жас жеткіншектер арасында Ксения Прозорова (61 келіге дейін) алтын жүлдеге қол жеткізген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар