Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық ауыр атлет Ақжол Құрманбек алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде отандасымыз 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Өз салмағында топ жарған Ақжол Құрманбек қоссайыстың қорытындысы бойынша жалпы 358 келіні еңсеріп, қарсыластарынан озық шықты. Ол жұлқа көтеруде 160 келіні, ал серпе көтеруде 198 келіні бағындырды.