Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Басы мен кеуде тұсынан оқ атқан»: Қостанайда әйелін өлтірген адамға қатысты тың ақпарат шықты

12:08, 13 тамыз 2026

Қостанайда қызғаныш салдарынан бұрынғы әйелін аңшы мылтығымен атып өтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға осы жылдың наурыз айында болған. Ер адам қызғаныштан туындаған жанжал кезінде бұрынғы жұбайының басы мен кеуде тұсына екі рет оқ атқан. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Қылмыс жасағаннан кейін бой тасалаған сотталушы кейін полиция бөліміне өзі келіп, кінәсін толықтай мойындаған.

Сот шешімімен ол күнәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар