Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Трамптың арнайы шақыруымен»: Тоқаев Америкадағы G20 саммитіне қатысады

12:41, 13 тамыз 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында өтетін «Үлкен жиырмалық» (G20) саммитіне қатысады, деп хабарлайды Alash.kz.

Мемлекет басшысының бұл сапарын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ресми түрде растады. Жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу 14-15 желтоқсан күндері Майами маңында өтпек. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған беделді жиынға АҚШ Президенті Дональд Трамптың арнайы шақыруымен бармақшы. Қазақстан G20 ұйымына ресми мүше мемлекет саналмағанымен, америкалық тарап елімізді шақырылған қатысушылардың тізіміне қосқан.

Алдағы алқалы жиынға дайындық барысын Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Пол Капур өзара талқылады. Сыртқы саясат ведомствосы таратқан ақпаратқа сүйенсек, екі тарап саммиттің күн тәртібін нақтылап, пысықтау жұмыстарын әрі қарай жалғастыруға келісті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар