Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қыздары әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа бейнежазба бөлісіп, оқырмандарымен қуанышты хабарын сүйіншіледі, деп хабарлайды Alash.kz.
Әдемі Тұрсынбекқызы бөліскен видеода оның сіңлісі Айарудың би сайысынан жүлделі орынды иеленгені көрініс тапқан. Әпкесі сіңлісіне ерекше қолдау білдіріп, оны қарсы алу үшін арнайы әуежайға барған.
Өнер иесінің қызы қуанышты сәтте: «Люлюшка, әлі талай жетістікке жетесің, мен білемін», – деп ағынан жарылды.