Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бетіне қышқыл шашып жіберген»: Шымкентте ер адам бұрынғы әйелін ауыр жаралады

10:52, 13 тамыз 2026

Шымкентте ер адам бұрынғы әйелінің үстіне қышқыл құйып, ауыр жарақат келтірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұрынғы ерлі-зайыптылардың ажырасқанына бес жылға жуықтаған, олардың ортақ бір баласы бар. Зардап шеккен әйел сұлулық салонында еңбек етеді.

Оқиға болған күні бұрынғы күйеуі бөтен нөмірден хабарласып, өзін клиент ретінде таныстырған әрі оны кешкі уақытта қабылдауды өтінген. Салонға келген бойда ол өзімен бірге ала келген қышқыл құйылған ыдысты әйелдің үстіне төгіп жіберген.

Жәбірленушінің айтуынша, қышқыл төгілгеннен кейін киімінің терісімен бірге еріп жатқанын өз көзімен көрген, ал шабуылдаушы бұл сәтте оған «Мен сені адам танымастай қылып тастаймын» деп айқайлаған.

Сұмдық шабуылдың салдарынан зардап шегуші басынан, бетінен, мойнынан, кеудесінен, қолдарынан, арқасынан және иық аумағынан өте ауыр күйіктер алып, қазіргі таңда ауруханада емделіп жатыр. Отбасылық жанжалдың туындауына несие міндеттемелері мен алимент төлеуге қатысты келіспеушіліктер себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Орын алған жайтқа байланысты Қаратау аудандық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Аталған баптың санкциясы кінәлі деп танылған тұлғаны үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар