Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Біз білмейтін шындық пен сұмдық өте көп»: Ұлдананың анасынан сұхбат алған журналист тың дерек айтты

21:00, 12 тамыз 2026

Журналист Руслан Өтепбай Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның отбасымен кездесті, деп жазады Alash.kz.

Журналист Астанаға арнайы барып, Ұлдананың анасынан сұхбат алғанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, әңгіме барысында бұған дейін көпшілікке беймәлім болған жайттар айтылды.

«Астанаға барып марқұм Ұлдананың анасынан сұхбат алып қайттым. Біз білмейтін шындық пен сұмдық өте көп екен. Ал Әділет сұхбат беремін деп еді, уәдесінде тұрмады. Сұхбатты 1-2 күнде YouTube арнама жүктеймін»,- деп жазды Руслан Өтепбай Threads парақшасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар