Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты аты шулы іс сотта қаралуда,деп хабарлайды ALASH.KZ Ulysmedia сайтына сілтеме жасап.
– Қалтасынан алдын ала дайындап алып келген пышағын шығарып, жәбірленуші Серікбайдың денесіне пышақпен 5-6 рет жарақат салған. Серікбайдың айғайлаған дауысын естіп, куә Бергенбаева келіп қалғандықтан күдікті Аймахан өзінің іс-әрекетінің қылмыс екенін ұғына тұра қашып кеткендей болып, шамамен 5-6 метр жүгіріп, Әрі қарай күдікті Аймахан өзінің қасақана кісі өлтіруге бағытталған ойын соңына дейін жеткізу мақсатында қолындағы пышағымен қайта айналып, жәбірленуші Серікбайдың жатқан жеріне келіп, оған жалпы 35 рет дене жарақатын салған, – деді сотта айыптау актісін оқғыған прокурор Мадияр Әбілқасымов.
Айыптау актісіне сәйкес, Шерхан Аймаханның бұндай қадамға баруына Нұрай Серікбайдың некеге тұрудан бас тартуы себеп болған. Қайғылы оқиғаға дейін күдікті 21 жастағы бойжеткенді алып қашып, үйіне де апарған. Бірақ қыздың туыстары полицияға жүгініп, алып кеткен. Сол уақыттан бастап 28 жастағы Шерхан Аймахан қыздың үйін аңдып, телефонына тыныштық бермеген. Тіпті, бір күнде 76 рет қоңырау шалған кездері болған.
Өзін фото-видеоға түсіруге қарсылық білдірген Шерхан Аймахан сотта өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты.
– Көрсетілген айыптаудың бәрі түсінікті ма? Не үшін айыпталып отырғаныңызды білесіз ба?
– Құрметті төрағалық етуші мырза, мен айыптау актісімен мүлдем келіспеймін.
– Жоқ келісесіз ба, келіспейсіз ба оны кейін сұраймыз сізден. Қазір не үшін айыпталып отырғаныңызды білесіз ба? Түсінікті ма?
– Түсініп тұрған жоқпын.
Шерхан Аймаханға «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру», «Некеге мәжбүрлеу» және «Сталкинг» баптары бойынша айып тағылған.
Контекст
Қанды оқиға 11 қаңтарда Шымкент қаласында болған. 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өлімі үлкен қоғамдық резонанс тудырған.