Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"700-ге жуық адам" - Қазақстан азаматтығынан кімдер айырылды?

14:08, 02 қазан 2025 188
 

Елімізде қос азаматтығы бар 693 адам анықталды. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, олар Қазақстан азаматтығынан айырылады, деп жазады Alash.KZ.

«Қос азаматтық бойынша жалпы 693 дерек анықталды. Бұл жағдайда олар Қазақстан азаматтығынан айырылады», – деді Игорь Лепеха.

Айта кетейік, «Азаматтық туралы» заңға енгізілген өзгеріске сәйкес, мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, еліміздің тарихы мен Конституциясының негіздерін білмеген жағдайда азаматтық берілмейді.

Қажет деңгейді Ғылым және жоғары білім министрлігі айқындайды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар