Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"7 рет пышақтаған": Қызы мен анасын сыммен қылғындырып, пышақтап, айуандықпен өлтіріп кеткен

09:27, 13 тамыз 2025 318

Жезқазғанда анасы мен қызын пәтерінде аса қатыгездікпен өлтірген оқиға тіркелді, деп Alash.kz ұлттық порталы Almaty арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмдардың бірі – 1966 жылы туған әйел, қалалық әкімдікте есепші болып жұмыс істеген. Күдікті оның мойын тұсына жеті рет пышақ сұққан.

Ал Астанадағы халықаралық колледждің 2-курс студенті болған қызы жатын бөлмеден табылған. Оның мойнында жарақат іздері анықталып, сыммен қылғындырылған болуы мүмкін деген болжам айтылуда.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстаған. Ол тергеу кезінде өз кінәсін мойындады. Қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер осы қылмысты жасады деген күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар