Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"7 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды". ШҚО-да банк қызметкері 32 млн теңге жымқырған

21:07, 19 мамыр 2024 489

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 32 млн теңге жымқырған банк қызметкері сотталды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Риддер қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, әйел адам банктердің бірінде кассалық операциялар бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. Өткен жылдың желтоқсан айының 11-20 аралығында ол 31 900 000 теңгені жеке шотына аударып алған. Күн сайын 2,5 млн-нан 5 млн теңгеге дейін аударып отырған.

«Айыпталушының кінәсі қаражаттың жетіспеушілігі анықталған есеппен, қолма-қол ақшаны тексеру актісімен, куәгерлердің берген жауаптарымен, бейнежазбалармен және басқа да дәлелдермен расталды. Сот шешімімен сотталушы 7 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 7 жыл бойы банк қызметіне қатысты лауазымдарда жұмыс істеуге тыйым салынды», - делінген Skifnews.kz ақпаратында. 

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар