Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағының қалдықтарын жинау жұмыстары басталды, деп жазады Alash.KZ.
Апат салдарын жоюға 306 адам жұмылдырылды. ҚР ТЖМ мәліметінше, іздестіру жұмыстарында кинологтар да тартылған.
Tengri басылымының хабарлауынша, қаза тапқан 38 адамның денесі сот-медициналық сараптама орталығына жеткізілді. Олардың арасында Қазақстанның 6 азаматы мен экипаждың 3 мүшесі бар. Қазіргі уақытта 7 адамның денесі танылды.
Біздің мәліметіміз бойынша, апаттан аман қалған 12 жолаушы бүгін Әзербайжанға жеткізіледі.