Жапонияда 67 көлік қатысқан апат болды. Салдарынан 20 автокөлік өртеніп, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Жапонияның Гумма префектурасында трассада 67 көлік қатысқан апат болды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ. Салқын және тайғақ жолда бір жүк көлігі бақылаудан шығып, жолды көлденең жауып қойған. Содан кейін оған басқа жүк көлігі соғылып, тізбектей соқтығыстар тізбегі басталған.
Оқиға барысында бір көлік өртеніп, өрт тез таралып, барлығы 20 автокөлік жанып кеткен.
Қаза тапқандар саны – 2 адам, жарақат алғандар – 26, оның ішінде 5 адам ауыр халде. Апат болған учаске бойындағы жол қозғалысы екі бағытта жабық тұр.