Қарағанды қаласында қоғамдық мониторинг барысында 185 литр суррогат алкоголь анықталды. Заңсыз өнімді сату фактісін Дала Қырандары жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері тіркеді.
Тексеру жұмыстары азаматтардың шағын сауда нүктелерімен қатар, ірі сауда орындарын да бақылауға алу жөніндегі өтініштері негізінде жүргізілген. Нәтижесінде «Шығыс» базары аумағында заңсыз алкоголь өнімдері анықталып, тәркіленді.
«Дала Қырандары» ЖҚБ өкілдерінің мәлімдеуінше, алдағы уақытта да халықтың денсаулығына қауіп төндіретін құқықбұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.