Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мешіт тонауды әдетке айналдырған". ШҚО-да мешіт мүлкін ұрлап, сатып жіберуге дәніккен әйел ұсталды деп хабарланды

09:41, 27 желтоқсан 2025

Шығыс Қазақстан облысында мешіттерді тонауды әдетке айналдырған әйел адам қолға түсті. Бұл туралы хабарлайды Alash.kz хабарлайды.

Облыс орталығындағы мешіттердің бірінен құны 400 мың теңге тұратын Asus маркалы ноутбуктың жоғалғаны жөнінде «102» арнасына хабарлама түскен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа қатысы бар, тұрақты мекенжайы жоқ 37 жастағы әйел күдікті ретінде ұсталды. Қылмыстың ашылуына қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи технологиялары көмектескен.

Полицияның мәліметінше, күдіктінің басқа мешітте жасалған осыған ұқсас қылмысқа да қатысы бар екені анықталды.

«Барлық жағдайда күдікті бірдей тәсілмен әрекет еткен: тегін тамақ алу сылтауымен мешітке кіріп, қызметтік бөлмелерден ұрлық жасаған. Кейін ноутбуктердің бірін сатып, түскен қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған», – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар