Қазақстанда таеквондо федерациясының негізін қалаған Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Қазақстанға қатысты жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп жазды Alash.kz.
Ол Алматыдағы қонақүйде тұрған сәтін еске алып, туған жерге оралу сезімін ерекше тебіреніспен жеткізген.
«Алматыдағы қонақүй бөлмемде айна алдында тұрып, бір сәтке демімді ішіме тарттым. Әлі де түс көріп тұрмын ба, әлде шынымен осындамын ба? Өз Отанымда. Қазақстанда. Жүрегім өзімнен бұрын күледі», – деп жазды Неслихан Өзтүрік.
Оның айтуынша, жүзіндегі күлкі кездейсоқ емес, бұл – қазіргі таңда жүрегінде сақталып тұрған шынайы сезімнің көрінісі.