Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Неге Құдайдың рөліне кіріп кете бересіздер?". Ерке Есмахан желідегі жұрттың сөзіне "нүкте қойды"

11:19, 27 желтоқсан 2025

Ерке Есмахан желідегі «қыз ту» деген пікірге жауап берді, деп хабарлайды  Alash.kz.

Желі қолданушысы өнер иесіне «қыз балалы болу» жөнінде кеңес жазған. Әнші бұл пікірді назардан тыс қалдырмай, өз ұстанымын ашық білдірді.

«Осы “қыз ту” деген тақырыпқа нүкте қояйықшы. Өтініш! Мен тағы көтеріліп, Алла тағы ұл бұйыртса, сол кезде кімге ренжисіздер? Неге Құдайдың рөліне кіріп кете бересіздер?», – деп жазды Ерке Есмахан.

Сондай-ақ ол соңғы екі жылда қатарынан аяғы ауыр болғанын, ал соңғы босанғанына небәрі алты ай ғана болғанын атап өтті. Әнші арнайы жоспарлап ЭКО жасатуға ниеті жоқ екенін де жеткізді.

«Қыз болсын, ұл болсын – ең бастысы сана берсін. Кім кімге қамқор болатынын уақыт көрсетеді. Біз өз өмірімізді сүрейік, сіздер де өз өмірлеріңізді сүріңіздер», – деді ол.

Кейіннен өнер иесі бұл жазбаны өшіріп тастаған.

«Стористі өшіріп тастадым. Күйеуіміз екеуміз бұл тақырыпқа нүкте қойдық деп ойлағанбыз. Бірақ ескі көзқарастағы адамдарды да сыйлау керек деп шештік. Олар бөтен адамның жеке шекарасынан өттім деп емес, жақсылық жасап жатырмын деп ойлайды», – деп түсіндірді әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар