Ресей президенті Владимир Путин Украинамен бейбіт келісімге қол қойылған жағдайда Ресей де жер айырбасына дайын екенін жасырмады, деп хабарлайды Alash.kz.
Ақпаратқа сәйкес, отырыста Путин АҚШ пен Украинамен жүргізіліп жатқан соғысты тоқтату жоспары бойынша келіссөздерге көп көңіл бөлген. Ол «Ресей тарапынан да аймақтарды бөліп-қосу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды» деп атап өтті, бірақ Донецк облысындағы Краматорск–Константиновка–Славянск түйініне қатысты мәселе қарастырылмайтынын айтты.
«Коммерсанттың» дерегіне сүйенсек, бұл Ресейдің Запорожье мен Херсон облыстарынан украин әскерін толық шығару талабынан бас тарту мүмкіндігіне қатысты болуы мүмкін. Бұл аймақтарды Ресей 2022 жылғы «референдумдар» нәтижесінде өз құрамына қосқанын жариялаған еді. Бұған дейін бұл сценарий туралы басқа БАҚ, оның ішінде украиналық Strana.ua басылымы да хабарлаған болатын.