Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еркебұлан Тоқтар Ташкентте өзбек боксшысын нокаудпен жеңді (ВИДЕО)

23:51, 26 желтоқсан 2025

Қазақстанның Еңбек Сіңірген Қайраткері, OCTAGON лигасының BMF белбеуінің иегері, Еркебұлан Тоқтар Ташкентте өзбекстандық жұлдыз Тимур Никулинге қарсы бокс кешін өткізіп, нокаудпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Alash.kz.

Еркебұлан Тоқтардың бұл жолғы қарсыласы -  Ресейде тұратын Өзбекстан тумасы, «Архангел» лақап атымен танымал Тимур Никулин. Ол - өңірдегі ең танымал медиа-файтерлердің бірі. Никулиннің кәсіби бокс пен жалаң жұдырық сайыстарындағы көрсеткіші жоғары: жалпы 22 рет жеңіске жетіп, 6 мәрте ұтылған және 2 кездесуді тең аяқтаған. Ал таза бокс ережесі бойынша өткен бәсекелерде ол 9 жеңіс, 1 жеңіліс және 2 тең нәтиже тіркеген.

Қазақстандық спортшы Ташкент төріндегі бірінші раундтың басында нокаутқа жіберіп, еш күмәнсіз жеңіске қол жеткізді.

Еркебұлан Тоқтар 2025 жылғы маусымды OCTAGON лигасында өте сәтті өткізіп, екі кездесуін де нокаутпен аяқтады. Ақпан айында ол тәжікстандық Камариддин Хасановтан (Камил Карате) басым түсіп, төртінші раундта жеңісті жұлып алды, осылайша ұйымның BMF белбеуін иеленді. Ал тамыздағы кезекті жекпе-жегінде ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта-ақ сұлатып салып, кезекті жеңісін тойлады.

Желіде Өзбекстан спортшылары тарабынан жиі шақыртулар түсіп тұрады. Бұл жайында Отандық мемдер де шығып, талқыға салынып жүр. 
Бұған дейін Еркебұлан Тоқтардың қазақстандық бокс жұлдыздары, әрі әлем чемпиондарымен бірге жаттығып жатқан видеосы тараған еді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар