«Адырна» ұлттық порталы ұйымдастырған жыл сайынғы дәстүрлі байқаудың биылғы қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ресми дауыс беру нәтижесі бойынша халықтың ең көп қолдауына ие болған танымал тележурналист Руслан Өтепбай жеңімпаз деп танылды.
Жалпы есепте 2446 дауыс жинаған ол «ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ЖУРНАЛИСІ» мәртебесін иеленді.
Марапат иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында оқырман қауымға алғыс айтып, жүрекжарды лебізін білдірді:
«Аллаға шүкір! Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында дәл осындай марапат иегері боп жатырмын. Мақсатым марапат пен атақ алу емес, ел игілігі үшін өзімнің сүйікті жұмысымды істеу. Ал еңбектің еленіп жатқаны әлбетте қуантады. Мен елмен біргемін, ел менімен бірге болса, соның өзі жеткілікті!» — деп жазды Руслан Өтепбай.
Айта кетейік, Руслан Өтепбай қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізуде белсенділік танытып жүрген кәсіби мамандардың бірегейі.
Журналисті қолдаған халық марапатқа құттықтауларын жаудырды.
Басқаларын қайдам? Сенің марапатың шынайы! Лайықсың бауырым!
Әділ журналист! Мойындау керек!