Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы хабар: Өскеменде 67 жастағы қария көлік тізгінінде көз жұмды

18:11, 26 желтоқсан 2025

Өскеменде көлік тізгінінде отырған қарт жүргізуші денсаулығының кенеттен нашарлауы салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz.
Қайғылы оқиға 25 желтоқсан күні кешкі уақытта қала ішіндегі Қазыбек би даңғылында болған.

Оқиға орнында болған куәгерлер жерде жатқан адамды және оның қасындағы полиция мен жедел жәрдем көліктерін байқаған. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 67 жастағы азаматтың өлімі көлік қозғалысы кезінде орын алған.

ШҚО ПД баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы туралы төмендегідей ақпарат таратты:

«Suzuki автокөлігінің 67 жастағы жүргізушісінің денсаулығы кенеттен нашарлады. Көлікте болған жолаушы жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырғанымен, дәрігерлер жеткенше жүргізуші қайтыс болды».

Қазіргі уақытта тиісті органдар оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар