Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«2026 жылдан бастап жабдықталады». Сүйінші! Жаслан Мәдиев қуанышты жаңалықты айтты (ВИДЕО)

19:53, 26 желтоқсан 2025

Қазақстандық жолаушылар жақын арада ұшақ бортында және пойыздарда интернетті еркін пайдалана алатын болады, деп хабарлайды Alash.kz. 

ҚР Премьер-министрі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев келесі жылдан бастап көлік саласын цифрландырудың жаңа кезеңі басталатынын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 2026 жылдың алғашқы алты айында «Қазақстан темір жолының» негізгі бағыттарындағы жолаушылардың тең жартысы спутниктік интернетке қол жеткізеді. Ал күз айларында әуе қатынасында да ілгерілеушілік болады. Air Astana компаниясы қазан айынан бастап интернет желісімен жабдықталған алғашқы ұшақтарын іске қоспақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар