Вашингтондағы ұшақ апатынан 67 адам қаза тапты: 60 жолаушы, экипаждың төрт мүшесі және ұшаққа соғылған тікұшақта болған үш әскери қызметкер бар, деп хабарлайды Alash.KZ madeniportal.kz сайтына сілтеп.
Кеше, 30 қаңтар күні АҚШ астанасында жолаушылар ұшағы мен тіқұшақ соқтығысты. Ұшақта 60 жолаушы, экипаждың төрт мүшесі болған, оған соғылған тікұшақта үш әскери қызметкер отырған. Олардың бәрі мерт болды.
Ұшақ та, тікұшақ та Потомак өзеніне құлады. Құтқарушылар өзеннее мүрделеді алып шықты. Жолаушылар арасында мәнерлеп сырғанаушылар мен жаттықтырушылар болған. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Колумбия округі өрт сөндіру қызметінің басшысы Джон Доннелли құтқару жұмыстары түнгі уақыт болуына және төмен температураға байланысты қиындағанын мәлімдеді.
Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады.