Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

61 жастағы Ералы Тоғжанов жаңа қызметке тағайындалды

23:09, 16 мамыр 2024 868

Ералы Тоғжанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі растады, деп жазады Alash.kz

Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1994 жылы Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтын бітірген. Мамандығы - заңгер.

Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысы, Октябрь орман шаруашылығының жұмысшысы ретінде бастаған.

1988-2001 жылдары — Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының директоры, факультет деканы, Қазақ мемлекеттік заң университетінің филиалының директоры.

2001-2006 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2006-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері жөніндегі комитет төрағасы.

2008-2017 жылдары — Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.

2017-2019 жылдары — Маңғыстау облысының әкімі.

2019-2020 жылдары — ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

2020 жылдың 11 ақпанында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. 

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды.

2022 жылдың 31 тамызында Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.

2023 жылдың 5 қыркүйегінде Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметінен босатылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар