Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"60 млн теңге желге ұшқан": Семейдегі аспалы көпірдің үш айға жетпей тозығы шықты

15:25, 20 қыркүйек 2024 491

Семейде қайта жөңдеуден өткен аспалы көпірдің сапасы сын көтермейді, деп хабарлайды Alash.KZ.

Жаңа төселген асфальт үш айға жетпей үгітіліп жатыр. Жергілікті тұрғындар жөңдеу жүргізген мердігер мекемеге әкімдік тарапынан бақылау болмады деп наразы.

Мына әкімшілік техникалық шарт берді ме? Оны бастан-аяқ қадағалау керек. Қай жерден асфальт алып жатыр, қандай технологиямен алып жатыр? Ол технология көпірге алып келген кезде сараптамаға жіберіліп, тексерілуі керек болған. Оның бәрі істелмеген. Актіге қол қойылған, – дейді Роллан Машпиев.

КТК арнасының мәліметінше, Ертістің екі бетін жалғап тұрған аспалы көпірді жазда жөндеген. Шұрық-шұрығын жамап қалпына келтіруге 100 миллион теңге жұмсалған. Алайда тендерді жеңіп алған мердігердің жұмысы көптің көңілін көншітпеді.

Себебі жұмысшылардың шайырды шелекке салып газ балонның күшімен ерітіп құйған видеосы әлуметтік желіде тарап кеткен болатын. Сол сәтте тұрғындар сапасыз салынған асфальттің ұзаққа шыдамайтынын айтқан.

Енді жауапты мамандар бюджеттен бөлінген 60 миллион теңгенің желге ұшқанын мойындап отыр. Тіпті әкімдікте «мердігер мекемені сотқа бердік» деп ақталып отыр.

Жалпы аралық акті қабылданғанда, 60 млн теңге игерілді. Соның сапасыздығына байланысты мердігер ұйымды сотқа бердік. Қазір қалада жол жөндеу бойынша келісімшартпен «Семей жолдары» жұмыс атқарып жатыр, – деді Семей жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ерік Шағанов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар