Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

6 балам бар, лас істеріңе араластырма: Асқар Садықов Азат Перуашевке ескерту жасады

10:26, 05 қыркүйек 2024 1208

Экс-депутат Асқар Садықов өзіне қатысты желіге тараған ақпараттың рас-өтірігін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Асқар Садықов тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Бұл лас іс Азат Перуашевтің әдейі жасаған қастандығы деп отыр. 

“Соңғы жағдайларға байланысты мені партиядан шығарып, депуттатық мандатымнан айырды. Мен халық және мемлекет мүддесі үшін заң аясында қызмет еттім. Ешқашан билікке ұмтылған емеспін. Сіздердің сенімдеріңіз мен үшін маңызды. Мен – 6 баланың әкесімін. Азат Перуашевтің маған қатысты мәлімдемесіне жауап бергім келеді. Мені өзіңіздің лас ойындарыңызға және манипуляцияңызға араластырмаңыз! Енді үнсіз қалмаймын. Мұндай мәлімдеме партия басшысының деңгейіне сай емес. Десе де Азат Перуашев бірнеше рет халықты жаңылыстырған еді. Бұл оның жұмыс істеу стилі болса керек”, – дейді Асқар Садықов. “Азат Перуашев, егер мені партиядан шығарғыңыз келсе, менің абыройыма нұқсан келтірмей, басқа дәлел ұсынсаңыз болар еді. Бірақ өкінішке қарай сізде ол да жоқ. Тіпті, мұндай келеңсіз жағдай расымен болған күннің өзінде сіз мамыр айында бұл мәселені менімен және партия өкілдерімен талқылайтын едіңіз. Біріншіден, менен әлі күнге дейін түсініктеме алынған жоқ. Екіншіден, партия басшылығы бұл жайт туралы маған айтпады. Үшіншіден, бұл мәселе Мәжілістің тәртіптік кеңесінде талқыланған жоқ. Сіздің мәлімдемеңізді оқып мен да барша қазақстандықтар сияқты таңғалып отырмын. Бұған дейінгі жалған мәлімдемелеріңіз туралы отандық БАҚ біледі. Азат Перуашев өзінің орынбасарының жемқорлығын жасырып қалмақ болып, осы ақпаратпен халықтың назарын аударды. Азат Перуашев, сіз өз мақсатыңызға жеттіңіз”, – деді экс-депутат Асқар Садықов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар