Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

6 ай комада жатқан сарбазды аураханадан шығарып тастады

17:39, 18 тамыз 2024 364

Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтар әлі қалпына келмесе де, ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Дәрігерлер Ербаян Мұхтардың жағдайы мүшкіл екенін және кәсіби медицина қызметкерлерінің күтімін қажет ететінін айтады. 

Өйткені ол медициналық қызметкерлердің бақылауымен үнемі дәрі-дәрмек, антибиотиктер, дәрумендер алуы керек.

Сарбаздың туыстары жеке дәрігерлердің ақысын төлей алмай отыр.

Онымен қоса, Ербаян Мұхтарға мүгедектік тағайындалмаған, себебі сот процесі аяқталған жоқ. Жақындары оның жағдайы қауырт екенін дәлелдей алмай отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар