Ақмола облысында 12 жасар қызға 56 және 57 жастағы екі ер адамға қатысты зорлық-зомбылық көрсетті деген айыппен тергелуде, деп хабарлайды Alash.kz.
1967 және 1968 жылы туған
1967 жылы туған күдіктінің бірі – қыздың анасы тұрған пәтердің иесі. 12 жасар қыздың сеніміне кіріп, алдап орманды жерге апарған. Артынша, азғындық істеген күдікті жағдайдың ешкімнің құлағына жетпеуі үшін қызды бопсалаған. Егер, зорланғанын біреуге айтар болса, үлкен әпкесін де қорлап, бүкіл қалаға жаман аттарын жаятынын айтқан. Кейінірек ер адам қыздарға ақша беріп, бір реттік темекі (электронды темекі) сатып алып берген. Кейіннен күдікті осы ісі туралы 1968 жылы туған көршісіне баяндаған. Бұл жағдайды пайдаланған көршісі де, жасөспірімнің етегін түрген.
Айтуға ауыз бармайтын оқиға туралы қыздың жақындары кездейсоқ қыздың ашық тақырыптағы күдіктілердің бірімен хат алмасуын тапқаннан кейін ғана байқаған.
Жасөспірімнің қазіргі психологиялық жағдайы – мәз емес. Жәбірленушінің отбасы осы жағдайды жасырып жабу үшін ақша ұсынғандардың болғанын айтып шағымданған.
Тергеу Ақмола облысы ПД тергеу басқармасына берілді. Құзырлы орган күдіктілердің ешқайсысы ресми түрде құқық қорғау органдарымен байланысты емес екенін атап өтті. бірақ "Не молчи" мәліметтері бойынша құқық қорғаушылар қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға тырысқандарын мәлімдейді.