Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

500-ге жуық бала уланған шиеленіскен іске министр кімді кінәларын білмеді

12:27, 10 қыркүйек 2024 388

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Маңғыстаудағы уланған оқушылардың ісіне кімді кінәларын білмеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.  

Ulysmedia сұрағына министр толық жауап бермеген. Министрден журналистер Қазақстанда осындай оқиғалардан кейін ғана шара қабылданатыны сұралған. Ғани Бейсембаев бұл мәселе өзін "қатты алаңдататынын" айтты.

– Мен бұған дейін барлық білім беру ұйымдарында, тамақтандыру ұйымдарында заңнамалық база күшейтілуі тиіс деп айтқан болатынмын. Жергілікті атқарушы органдар қабылданған ережелерді қатаң сақтауы керек. Әрбір білім беру ұйымында бар бракты тексеретін комиссиялар бұрын айына бір рет тексерулер жүргізген, ал қазір бұл комиссия күн сайын тексеруді жүзеге асыра алады. Өңірлік мониторингтік топтар бар, олар кез келген уақытта шығып, осы жұмысты жүргізуі тиіс, – деді ол.

Министр мониторингтік топтарға барлық өңірлерде тексерулер жүргізуді тапсырғанын айтты. Комиссияға санитарлық эпидемиологиялық қызметтің және басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері кірген.

– Бұл жұмыс тамыз айында жүргізілгенімен, біз бұл жұмысты тағы да күшейтіп жатырмыз. Жергілікті атқарушы органдар да, балалар тағамымен айналысатын кәсіпкерлер де заңның барлық талаптарын орындап, оны бұзбауы керек. Сонда біз тәртіпке келтіретін шығармыз. Мұнда мониторингтік топтардың нәтижелерін қарастырамыз, - деді Бейсембаев.

"Кім жауап береді?" деген сұраққа Бейсембаев қабылданған шаралар туралы қазақстандықтар мониторингтік жұмыстар жүргізілгеннен кейін ғана білетінін, нақты жауаптан жалтарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар