Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

5 жыл бұрын ажырастық, мен туралы ақпарат шындыққа жанаспайды - АСХАТ САДЫРБАЙ

15:37, 25 желтоқсан 2024 2187

Тележүргізуші, журналист Асхат Садырбайдың бұрынғы жұбайы Kyn.kz ақпарат порталына сұхбат беріп, экс-күйеуінің өзіне көрсеткен қорлығын баяндаған еді. Журналист Асхат Садырбай Alash.kz тілшісіне бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Сұхбатта Айғаным Болатқызы күйеуі отасқан жылдары өзін ұрып-соғып, енесі күн көрсетпейтінін жеткізген. 

Ал Асхат Садырбай бұл ақпараттың жалған екенін, 5 жыл бұрын ажырасып кеткендерін айтты.

Мен туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз 5 жыл бұрын ажырасып кеткенбіз. Қазіргі уақытта мен балама көмектесіп, кездесіп тұрамын. Басқа мәселелер бойынша барлық тақырып баяғыда жабылған. Бұл сұхбат пен материалдың мақсатын түсінбедім. Заңгерлерге жүгіндім. Жұмыс істеп жатыр”,- деді ол тілшіге.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар