Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

5 жыл: Ақтөбеде 5 адамның өліміне себепкер полиция қызметкері сотталды

10:57, 11 қазан 2024 578

Ақтөбеде жол апаты кезінде отбасынан айырылған полиция қызметкері сотталды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Ол отбасымен бірге жол апатына ұшыраған. Қайғылы оқиға 26 тамызда Ақтөбе облысындағы Әлия Молдағұлова атындағы ауылдың маңында болған.

Сотталушы мінген көлік ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан сотталушының ата-анасы, інісі және екі жиені қаза тапты. Іс бойынша сотталушының үлкен ағасы жәбірленуші болып
танылған.

Іс "абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша тергелген. Сот ең төменгі жаза тағайындады.

"Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ жеті жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылсын", – делінген сот үкімінде.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар