Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

46 жастағы ер адам енесін аяусыз пышақтап өлтірді

19:30, 16 маусым 2025 608

Севастополь қаласының Фиолент ауданы аумағында 46 жастағы ер адам енесіне көшеде пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды AlASH.KZ El.kz интернет порталына сілтеп.

BAZA мәліметінше, ауыр жараланған әйел оқиға орнында жан тапсырды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам әйелдің тамағынан бірнеше рет пышақпен ұрған.

Жедел жәрдем оқиға орнына шұғыл жеткенімен, жәбірленуші көп қан жоғалтып, қайтыс болды. Қазіргі уақытта қанды оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар