Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

42 мемлекет Ресейді Запорожье атом электр станциясынан әскерін әкетуге шақырды

06:42, 15 тамыз 2022 331
42 мемлекет Ресейді Запорожье атом электр станциясынан әскерін әкетуге шақырды. Үндеу 14 тамызда Еуроодақтың ресми сайтында жарияланды. Ресей наурызда Еуропадағы ең ірі атом электр станциясын басып алған. Ол жақта әлі күнге дейін украин мамандары жұмыс істеп жатыр. Кейінгі апталарда станция аумағына бірнеше рет снарядтар құлаған. Киев пен Мәскеу бір-бірін айыптады.



42 мемлекеттің Ресейге арнаған үндеуіне Еуроодақ елдері, Австралия, Ұлыбритания, Грузия, Исландия, Канада, Лихтенштейн, Молдова, Жаңа Зеландия, Норвегия, Солтүстік Македония, АҚШ, Черногория, Оңтүстік Корея және Жапония қол қойған. Үндеу авторлары Ресейді әскерін АЭС аумағы мен жақын маңнан, тұтас Украинадан алып кетуге шақырған.

"Ресей әскері мен қару-жарағының ядролық нысанға орналасуына жол беруге болмайды. Бұл Атом энергия жөніндегі халықаралық агенттікке (МАГАТЭ)мүше барлық ел сақтауы тиіс қауіпсіздік принциптеріне қайшы" деп жазылған үндеуде.

Мәлімдеме авторлары Ресей әскерінің ядролық нысанда болуы Украинаға ядролық қауіпсіздік бойынша алған міндеттемелерін орындауға, МАГАТЭ жұмысына да бөгет жасайды.

  • Мәскеу орыс әскері соғыс жағдайында нысанды күзету үшін АЭС-ке орналасты деп мәлімдеген. Мәскеу МАГАТЭ инспекторларын нысанға келуге үндеген. Ал Киев халықаралық агенттік мамандары Украина заңына сәйкес елге келіп-кетуі тиіс деп сапарға қарсы болған.

  • БҰҰ Ресей мен Украинаны станция маңында соғыстан тыс аймақ ұйымдастыруға шақырған. Украина мен тағы бірнеше мемлекет те сондай үндеу тастаған. Мәскеу ұсынысты қолдамады.




 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар