Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«42 жасында алғаш рет құжатын алды»: Жамбыл облысындағы оқиға елді таңғалдырды

19:01, 22 мамыр 2026

Жамбыл облысында 42 жыл құжатсыз өмір сүрген шопан алғаш рет жеке куәлік алды, деп хабарлайды Alash.kz ZTB порталына сілтеме жасап. 

Қордай ауданының тұрғыны Самат Жәнеков өмір бойы тауда шопан болып жұмыс істеп, ұзақ жылдар бойы құжатсыз және тұрақты баспанасыз өмір сүрген. Құқықтық мәртебесінің жоқтығынан негізгі азаматтық құқықтарынан айырылған ол 42 жасқа келгенде аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметінің көмегімен ақыры Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне қол жеткізді.

Тәртіп сақшылары ер адамға көмектесу үшін мұрағаттық мәліметтерді көтеріп, дербес деректерді тексерген, сондай-ақ қажетті сұраныстар жолдап, құжаттардың толық пакетін жинақтаған. Осы процестің әр кезеңінде Саматқа жағдайдың барысы мен іс-қимылдар реті түсіндіріліп отырды. Нәтижесінде 20 мамырда өмірінде алғаш рет заңды құжатын қолына алған ер адам бұл күнді жаңа өмірдің бастауы деп санап, полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар