Танымал актриса Айгүл Иманбаева өзінің әкесі туралы айтып, жан сырын ақтарды, деп жазады Alash.kz.
Айгүл Иманбаева Дулат Тастекейге берген сұқбатында әкесімен 40 жыл бойы араласпағанын айтты.
"Мен әкеммен 40 жыл араласпаған адаммын ғой. Негізі менің ата-бабам Астраханның қазақтары, одан кейін Атырауға, Оралға қоныс аударған. Ал анам Жамбыл облысының тумасы. Әке-шешем ажырасқаннан кейін, әкеммен 40 жыл араласпадым. Өкпем қара қазандай. Кімге ренжіп жүргенімді өзім де білмеймін. Бұл балалық позициялар, реніштер еді. Бірақ өз-өзіммен жұмыс істеудің арқасында 40 жылдан кейін әкеммен табыстым", – деді Айгүл Иманбаева.